1 қаңтарда елдің екі ірі қаласында ауа лас болады

Синоптиктер жылдың бірінші күні Қазақстанның екі ірі қаласындағы ауада зиянды қоспалар көбейеді деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Мамандар дүйсенбі, 1 қаңтарда Алматы мен Шымкентте қолайсыз метеорологиялық жағдай болатынын айтты.
Мұндай ауа райы кезінде:
- көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
- балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
- таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
- дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript