Жаңалықтар тізбегі
0

Вице-министрмен кездескен энергетиктер зейнетке шығу жасын төмендетуді сұрады

Зейнеткер, зейнетке шығу жасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 21:27 Сурет: Zakon.kz
Астанада "Павлодарэнерго" энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Балтабек Төлеубаев пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасовтың кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диалог барысында тараптар энергетикамен айналысатын қызметкерлердің зейнетке шығу жасын төмендету, мамандардың жалақысы мен әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


"Бәсекеге қабілетсіз жалақыға байланысты кәсіпорындар білікті кадрлардың жетіспеушілігіне тап болады. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының пікірінше, еңбек жағдайлары мен кәсіптің ерекшелігіне қарамастан, жұмысшылардың зейнеткерлік жасы жоғары. Талқылау нәтижесінде кәсіподақ төрағасы тарифтерді қалыптастыру ережелеріне өзгерістер енгізуді және қызметкерлерді әлеуметтік қолдаудың жеке тармағын енгізуді сұрады. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарына электр және жылу энергетикасы саласындағы білім беруді жақсарту үшін мемлекеттік гранттарды ұлғайтуды ұсынды", делінген хабарламада.

Вице-министр зейнеткерлік жасты әйелдер үшін 58 жасқа және ерлер үшін 61 жасқа дейін төмендету мәселесін қарастыруға уәде берді. Ал энергетика мәселелері 2024-2025 жылдарға арналған бас келісім шеңберінде мұқият қаралатынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: