Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі ұсталды

Ақмәди Сарбасов, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2025 11:57 Сурет: primeminister.kz
2025 жылдың 1 шілдесінде бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 9 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарды.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басшысының ұсталу фактісін растайды. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіппен көмек көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық мәселелер уәкілетті органдардың құзыретіне жатады", – делінген хабарламада.

Zakon.kz редакциясы қамауға алу туралы сұрақпен Қаржы мониторингі агенттігіне хабарласып, ресми баспасөз хабарламасын күтуді өтінді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: