Жаңалықтар тізбегі
0

Сыртқы істер министрлігі: Қазақстан Палестина мемлекетін құруды қолдайды

Сыртқы істер министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2023 15:17 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстан тарапы астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан, 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруды толық қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен саммитінде айтты.

Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері қатысты. Қатысушылар Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешу, Палестинаға заңды аумақтарды қайтару қажеттілігі туралы пікір білдірді, сондай-ақ Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Саммитте сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеді. Таяу Шығыс дағдарысын реттеу тек БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бекіткен "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде ғана мүмкін болатындығы аталып өтті.

"Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, ИЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақ танытты және танытуды жалғастырып жатыр және осы мақсатта Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының 27 қазандағы төтенше арнайы сессиясында Иордания Хашимит Корольдігі ұсынған атысты тоқтатуға шақыратын қарарға дауыс бергенін қоса жеткізді". Мұрат Нұртілеу

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы бейбіт тұрғындар, оның ішінде тым көп балалар, әйелдер мен қарттар жанжалдың жазықсыз құрбаны болғанын айтты. Сондай-ақ қазіргі уақытта Газа секторында жүрген және осы аумақтан кетуге мүмкіндігі жоқ ҚР азаматтарына қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Осыған байланысты Мұрат Нұртілеу Саммитке қатысушыларға Израиль СІМ басшысы Эли Коэнмен жақында болған телефон арқылы сөйлесуі барысында атысты дереу тоқтатуға және барлық тараптардың осы жанжалды бейбіт жолмен шешуін іздеуге шақырғанын жеткізді. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі басты басымдық екені аталып өтті.

Қазақстан Мысыр Араб Республикасының Газа азаматтарына медициналық және гуманитарлық көмек көрсету үшін дәліздер құру туралы шешімін жоғары бағалады. Өз кезегінде еліміз Палестинаның бауырлас халқы үшін бір миллион АҚШ доллары көлемінде көмек берді және қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

ҚР СІМ басшысы халықаралық және гуманитарлық ұйымдарға Газа секторындағы қазіргі аса күрделі жағдайға араласуға өтініш білдіріп, Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолданыстағы тетігін пайдалануды ұсынды.

Саммит қорытындысы бойынша қатысушылар Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина территорияларының ажырамас бөлігі екені туралы қарар қабылдады. Израильге сектордағы қарулы қақтығыс үшін жауапкершілік жүктелді. АМЛ және ИЫҰ елдері палестиналықтарды қолдау үшін қаржылық қауіпсіздік жүйесін құруға келісті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: