Елімізде жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады
Сурет: Zakon.kz
Келер жылдан бастап елімізде жатыр мойны обырына қарсы вакцина салынады. Бұл туралы бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды.
Жатыр мойны обыры Қазақстанда өлім көрсеткіші бойынша 4-ші орында тұр. Әлемде бұл дерттен жылына 340 мың әйел, әр екі минут сайын 1 нәзік жанды қайтыс болады, деп жазады qazaqstan.tv.
Ауруға басты себеп жыныстық жолмен берілетін адам папиллома вирусы. Оның алдын алудың жалғыз жолы екпе дейді мамандар.
"Жатыр мойын обырын вакцинациямен алдын алуға болады. Бұл орта азия бойынша кең таралған. Вакцинацияға 11 жастағы қыздар арасында жүргізіледі. Ол тегін. Үкімет тарапынан. Бұл вакцинация келесі жылдан бастап Қазақстан өңіріне еңгізіледі." Манар Смағұл, ҚР ДСМ "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының" басшысы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript