Екібастұз полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 11:38 Сурет: Zakon.kz
Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері осы жылдың шілде айынан бастап мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматын ұстады.

15 қарашада рейдтік іс-шара барысында құрылыс нысандарының бірінде тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Тәжікстан Республикасының үш азаматы ұсталды.

Аталған азаматтар жеке басын анықтау үшін көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді.


"Деректер базасы бойынша тексеру кезінде үш шетелдіктің Қазақстанға жеке мақсатпен келгені анықталды. Сондай-ақ 22 жастағы шетелдік осы жылдың шілде айында Ресей Федерациясы ІІМ-нің кісі өлтіргені үшін Челябинск қаласы бойынша мемлекетаралық іздестіруге жарияланғаны анықталды. Ұсталғаны туралы іздестіру бастамашыларына хабарланды", – деп атап өтті Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, екі шетелдікке қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 5-бөлігінің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: