Таразда газ жарылысынан төрт жұмысшы зардап шекті

газ жарылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 01:20 Сурет: КТК телеарнасы
Таразда газ құбыры жарылып, ауыр жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Жұмысшылар жылыту қазандығын орнатып жатқан кезде жаңа салынып жатқан дүкеннің тас талқаны шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқыс жағдай халық тығыз орналасқан мөлтекаудандардың бірінде болған. Жарылыстан кейін өрт шығып, ол тез арада сөндірілген. Ал жансақтау бөліміне жеткізілген жұмысшылардың жағдайы ауыр.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың денесі мен тыныс алу жолдары күйіп қалған.

Қазір жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жұмысшылар техникалық қауіпсіздікті сақтамаған болуы мүмкін. Өйткені дәнекерлеу жұмысы газ құбырына тым жақын қашықта жүргізілген.

"Тыныс алу жолдарының күюіне байланысты ауыр жағдайда күйік бөліміне жатқызылды. Төртеуінің жағдайы түзеліп келе жатыр. Науқастар өз-өзіне келіп, ауырғаны басылып, барлық ем домы жасалып, медициналық тексеруден өткізіліп жатыр".Тараз көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Әбілсейіт Сыдықов
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: