Павлодар облысының әкімі тұрғындарды сабыр сақтауға үндеді
Сурет: pxhere
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тұрғындарды сабыр сақтауға үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Желдің қатты екпініне байланысты (20 метр/секундтан астам) мүмкіндігінше көшеге шығудан бас тартуларыңызды сұраймын. Облыс бойынша ғимараттардан шатырлардың ұшып кетіп, электр қуатының өшіп қалды, сондай-ақ ағаштар құлады. Төтенше жағдайлар департаменті күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біз барлық жұмысты мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргіземіз. Сабыр сақтауларыңызды сұраймын", - деп жазды әкім.
ТЖД штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр, байланыс нөмірі: + 7 7182 32 36 92 және 112, сонымен қатар 109 нөміріне хабарласуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript