Павлодар облысының әкімі су тасқынынан зардап шеккен үйлердің иелерімен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілуде және жедел түрде келтірілген залал өтелуде.
Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда су тасқыны кезінде мүлкіне әртүрлі дәрежеде зиян келген 107 отбасыға бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 96,7 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Соның ішінде өтемақыны бүгін су тасқыны кезінде үйлері қатты зардап шеккен Жалаулы ауылының 9 тұрғыны алды.
Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, Асайын Байханов пен ауыл ақсақалдары тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша қалпына келтіруге келмейтін авариялық жағдайдағы үйлердің орнына салынатын 5 жаңа үйдің құрылысына бастау берді. Шығындарды ERG тобы өз мойнына алды. Үйлердің құрылысын 3 айдың ішінде аяқтау жоспарлануда.
Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар, зардап шеккен облыс тұрғындарына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленетін болады.
Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Осымен ауылда су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталмайды. Шілде айының соңына дейін ауылда 6 км қорғаныс бөгеті салынып, ойпаң жерде орналасқан ауылдың мәселесін кешенді түрде шешу үшін көлемі 200 мың м3 болатын еріген суларды жинауға арналған 3 қазаншұңқыр жасалады.