Павлодар облысында су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа үйлердің кілттері табысталды

Үйлері зардап шегіп, апатты деп танылған адамдардың бүгін қоныс тойларын тойлап жатқандарына өте қуаныштымын. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша біз сіздердің ауылдарыңыздағы төтенше жағдайдың салдарын барынша жоюға тырыстық. Қиын кезеңдерде шыдамдылық танытқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет, - деді өңір басшысы.

Сурет: Валерий Бугаев
"Барлығыңызға үлкен рахмет. Бізге дәл осы жерде жаңа үй салғанына өте қуаныштымын. Бұрын бұл жерде менің ата-анам тұрған. Біз осында өсті"к, - деп ауыл тұрғыны Мархабат Сматаев қуанышымен бөлісті.

Сурет: Валерий Бугаев
Көпбалалы отбасылар, "Күміс алқа" белгілерінің иегерлері - Сматаевтар, Баймановтар, Муллин және Дайырбековтардың үйлерін қалпына келтіруге мүмкін болмады.
Барлық жаңа қоныс иелері облыстық мәслихат депутаттарынан, сондай-ақ, облыстың үш қаласының мәслихаттарынан сыйлық ретінде тұрмыстық техникалар (тоңазытқыштар, теледидарлар, кір жуатын машиналар, ас үй плиталары, кондиционерлер және т.б.) алды.

Сурет: Валерий Бугаев
Ақтоғай ауданы тұрғындарының атынан Павлодар облысының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Бейсенбі Мұқажанов мемлекетке көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде арнау айтты.

Сурет: Валерий Бугаев
"Шаңырақ" МСО және И. Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері ауыл тұрғындарына жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сондай-ақ, спорттық жарыстар да өткізілді.