Астанада екпіні күшті жел кезінде бірнеше адам жарақат алды
Сурет: pixabay
Астанада екпінді желден кейін кейбір тұрғындар қалалық ауруханаларға медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, жедел жәрдем бригадалары түрлі дене жарақатымен төрт адамды қалалық ауруханалардың травматология бөліміне жеткізді. Олар негізін денесін ауыртып, жарақаттап алған. Бір бала табанын сындырып алған.
"Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық, реанимацияға түскен науқастар жоқ. Кейбір науқастар стационардың медициналық қызметкерлері тексергеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді", - делінген хабарламада.
Кейбір қала тұрғындары медициналық көмек алған соң ауруханаға барудан бас тартып, тұрған жерінде қалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript