Астанада бұршақ жауып, екі адам зардап шекті

Астанада қатты бұршақтан кейін егде жастағы әйел мен бала медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Zakon.kz сайтына қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Сағат 19:42-де ауа райының қолайсыздығынан (ірі бұршақ) жедел жәрдем қызметіне екі адам: 52 жастағы әйел мен алты жасар бала хабарласты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Қазір жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерді тексеріп жатыр. Департаменттің мәліметінше, қалалық ауруханалардың реанимация бөліміне түскендер жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript