Күн райына байланысты Қазақстанның үш облысында жол жабылды

Тас жол, "ҚазАвтоЖол" АҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 12:23 Сурет: Zakon.kz
Екпінді жел мен қатты жаңбыр салдарынан еліміздің үш өңіріндегі 8 жол учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде 2023 жылғы 22 қараша күні "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі ескертті.

Сонымен мына учаскелерде жол қозғалысы шектеледі:

Ақмола облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" жолының Жақсы ауылы мен Бұзылық ауылы арасы;
  • "Жезқазған-Петропавл" күре жолының СҚО шекарасынан Қостанай облысының шекарасына дейін;
  • "Екатеринбург-Алматы" тасжолының СҚО шекарасынан Атбасар қаласына дейінгі аралығы

Солтүстік Қазақстан облысында:

  • "Жезқазған-Петропавл" күре жолының Ақмола облысының шекарасынан Дружбинское ауылына дейін;
  • "Екатеринбург-Алматы" күре жолының Чистополье ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралық;

Қостанай облысында:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" күре жолының Әулиекөл ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Арқалық қаласы мен Ақмола облысының шекарасына дейінгі аралығында.

Ведомство күтіп-ұстау жұмыстарына 170 бірлік арнайы техника мен 240 маман жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: