Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтардың ажырасуына табыс қалай әсер етеді

Қазақстандықтардың ажырасуына табыс қалай әсер етеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 11:56 Сурет: pixabay
Қазақстандықтардың қай санаттары көбірек ажырасады және ажырасу мен табыс деңгейі арасында байланыс бар ма. Zakon.kz арнайы зерттеу материалын әзірледі.

Бірінші кредиттік бюро берген мәліметтерге сай, көбінесе табысы орташадан жоғары ауқатты қазақстандықтар басқаларға қарағанда жиі отбасын құрады.

"Ай сайынғы табысы 1 миллион теңге немесе одан жоғары ерлердің 82 пайызы некеде, бұл Ұлттық статистика бюросы ҚР стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің жаңадан жарияланған деректеріне сәйкес", - делінген Бірінші кредиттік бюро зерттеуінде.

Табысы нөлден 1 миллион теңгеге дейінгі барлық еркектердің 63 пайызы некеде. 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі табысы бар некеде тұрғандардың үлесі 71 пайызға жетеді.

Халықтың әйелдер бөлігіне келетін болсақ, табысы жоғары қазақ әйелдері де жиі тұрмысқа шығады, олардың үлесі 70,5 пайызды құрайды. Табысы төмен әйелдер үшін бұл көрсеткіш 59% құрайды. Табысы 250-ден 300 мың теңгеге дейінгі топта 67 пайызы некеде тұрады.

250-ден 300 мыңға дейінгі табысы бар әйелдер ажырасуы жиі емес – 9,5%. Қалғандары үшін бұл көрсеткіш 7%-ға жетеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 11:56

Сурет: Бірінші кредиттік бюро (DataHub)

Кім жиі ажырасады?

Зерттеуге сәйкес, қазақтың ауқатты әйелдері ажырасуда көш бастады. Ажырасқан бай әйелдердің үлесі 10,5% құрайды.

250-ден 300 мыңға дейінгі табысы бар әйелдер ажырасуы жиі емес – 9,5%. Қалғандары үшін бұл көрсеткіш 7%-ға жетеді.

Бір қызығы, ерлердің ажырасуға құлшынысы аз. Ажырасқан ауқатты ерлердің үлесі небәрі 3 пайызды құрайды. Қалғандары үшін бұл көрсеткіш 4,5%, орташа жалақысы бар топта – 6%.

Бұған дейін Zakon.kz неке қиған қазақстандықтардың саны артқанын жазған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: