Солтүстік Қазақстанда 25 ауыл жарыққа қосылмады
Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында 25 ауыл 5 тәулікке жақын уақыттан бері жарықсыз отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні боран болып, электр сымдары мен бағандар зақымданған еді. Салдарынан 183 елдімекен жарықсыз қалды.
Білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне электр генераторлары жеткізілді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанымен ақау толық жойылған жоқ, деп жазады qazaqstan.tv.
Қауіпсіздік талаптарына сай үзілген сымдарды іздеп, жалғау шаралары күндізгі уақытта ғана жүргізіледі. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған.
Облыстық әкімдік өкілдері тұрғындарды жарықпен қамтамасыз етіп отырған "СевКазЭнерго" компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты.
Әбден тозған желілерді жаңалау жолдары қарастырылуда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript