Қызылорда облысында мас азамат бұрынғы жұмыс орнына "жарылғыш зат қойған"

Қызылорда облысында мас азамат бұрынғы жұмыс орнына “жарылғыш зат қойған”  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 12:17 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмиыс орнына жарылғыш зат қойдым деп жлған хабарлама берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған.

Аталған ғимарат жару-техник мамандарымен тексеріліп, онда жарылғыш зат табылған жоқ. Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген мекеменің бұрынғы қызметкері 47 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді.

Тергеу барысында жалған хабарлама берген азамат қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде хабарлама бергені анықталды. Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: