Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы аудандардың бірінде газ уақытша өшіріледі

Алматы тұрғындарына 24 қарашада Түрксіб ауданында газдың уақытша тоқтатылатыны ескертілді. Бұл газ құбырын жоспарлы жөндеуге байланысты., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 13:37 Сурет: Zakon.kz
Алматы тұрғындарына 24 қарашада Түрксіб ауданында газдың уақытша тоқтатылатыны ескертілді. Бұл газ құбырын жоспарлы жөндеуге байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, жоспарлы жұмыс тұтынушыларға орташа қысымды Д-159 мм жерүсті газ құбырында газды үздіксіз әрі апатсыз беру үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты, биыл 24 қарашада Земнухов – Шацкий – Тренев көшесі бойындағы жеке секторда орналасқан тұрғын үйлерде, сонымен қатар, №304/2 учаскесінің жанындағы Қайрат шағын ауданындағы үйлерге газ беру өшіріледі.

Биыл 28 қарашанда Тараз – Линия-7, 9, 10, 11 – Көрімдік – Бәйге көшелерінің аумағында орналасқан тұрғын үйлерге де газ беру тоқтатылады.

Осыған байланысты тұрғындардан "Интергаз Орталық Азия" АҚ МГҚ Алматы газ шаруашылығы қызметкерлері жүргізетін газ крандарын жабуды және іске қосу жұмыстары басталғанға дейін ашпауды сұраймыз.


"Мәжбүрлі қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз, бұл Алматы қаласының газ желілерін апатсыз пайдалану үшін жасалады." "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: