23 қараша күнгі түскі саудада доллар бағамы бірден 4 теңгеге көтерілді

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 15:33 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 3,96 теңгеге көтеріліп, 461,17 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 64,42 теңгені (+0,44) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 497,99 теңге, рубль – 5,18 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462,1-464,5 теңгеге, еуро 502,5-506 теңгеге, ресей рублі 5,13-5,27 теңгеге сатылуда.

Ал 23 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, қаңтардағы Brent фьючерстерінің құны ICE Futures электрондық саудасында 0,94%-ға арзандап, барреліне 81,19 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,82%-ға төмендеп, барреліне 76,47 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: