Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері елімізде 18 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қандас, этникалық қазақ, статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2023 18:36 Сурет: gov.kz
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 17 903 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикамызға 1 млн 124,9 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (53,8%) Өзбекстаннан, 19% – Қытайдан, 11% – Моңғолиядан , 7,6% – Ресейден, 6,5% – Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден болады.

"2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 60,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 30,7%-ды және зейнеткерлер 8,6%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 34,5%-ы орта кәсіби білімді, 41,7%-ы жалпы орта білімді, және 8,5% білім жоқ", делінген хабарламада.

Сондай-ақ қоныс аударған этникалық қазақтар республикамыздың түрлі өңірлеріне қоныстанғаны да нақтыланады.

Ведомство мәліметінше, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қоныстандыру өңірлерінде 2023 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 337 адамды құрайды. 2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, қоныстандыру өңірлеріне 1 870 қандас қоныс аударды.

"Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241,5 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (51,7-ден 103,5 мың теңгеге дейін) мөлшерінде берілді".

Жыл басынан бері 1254 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 522 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 1254 адам біржолғы субсидия алды, ал 513 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.

Айта кетсек, 2023 жылы пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда республиканың шет елдердегі мекемелері арқылы этникалық қазақтардан жаңа форматта 2 058 өтініш (690 отбасы) қабылданды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: