Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 млн теңге сомадағы бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады

Алматы прокурорлары мектептердің бірінде 46 млн теңгеден астам сомадағы бюджет қаражатының ұрланғанына анықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 12:02 Сурет: Zakon.kz
Мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы өзінің жеке шоттарына штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.

Аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.


"Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады." Алматы қаласының прокуратурасы

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: