Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында ауа жоғары деңгейде ластанады деп болжады

Синоптиктер Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады деп болжап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2023 09:25 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Дүйсенбі, 27 қарашада синоптиктер оңтүстік астана мен елдің шығысындағы үш қаланың ауасында ластаушы заттар жоғары деңгейде болады деп болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мамандары Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларының қонақтары мен тұрғындарына ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді қысқарту;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде жүргенде дәрісін бірге алып жүруі керек;
  • Ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеу керек. Дене шынықтыру мен спорт шаралары жабық спорт кешенінде жүргізілуі керек.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар аймағында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: