Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді

Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:31 Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгінде көне шаһар Тараздың көкжиегі кеңейіп, аумағы ұлғайып келеді. Соған орай көлік қозғалысы да көбеюде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әрине, бұл өз кезегінде тақтайдай тегіс жолдарға деген қажеттілікті арттырады. Осы мақсатта облыс орталығындағы жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде.

Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолын салу да назардан тыс қалған емес.

Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:31

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әсіресе, мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандарға баратын жолдар айрықша назарда.

Айталық, ағымдағы жылы қалада жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жоба бойынша жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:31

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Оның ішінде ұзындығы 8,7 шақырымды құрайтын 9 жоба бойынша орташа жөндеу және ұзындығы 4,7 шақырымды құрайтын 2 жоба бойынша қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:31

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осылайша, Жүргенов, Братская, Иманалиев, Желтоқсан (Төле би даңғылынан Сүлейменов көшесіне дейін), Сәтпаев, Қосанов, Сәрсенбаев, Саңырақ батыр, Шостакович, Жамбыл – Төле би көшелерінің қиылысы, №45 мектеп және №45 балабақша маңы, №7 және 9 ықшамаудандардағы мектеп пен балабақшаларға баратын және Б.Момышұлы көшесі, 4-бұрылысының тұрғындары жаяу жүргіншілер жолының игілігін сезінуде.

Таразда 14 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 10:31

Сурет: Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: