Жаңалықтар тізбегі
0

Сreative Central Asia 2023: Орталық Азия мен ТМД елдерінің жетекші сарапшылары бір алаңға жиналды

форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2023 19:11 Сурет: форумның баспасөз қызметі
Алматыда 24 қараша мен 26 қараша аралығында Сreative Central Asia 2023 форумы өтті және бір алаңда Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдері, АҚШ және Англиядан креативті индустриялар саласындағы 100-ден астам отандық және халықаралық сарапшылар жиналды.

Форум кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы ең жаңа тенденцияларға арналып, білім, тәжірибе және идеялармен алмасу үшін бірегей платформасын ұсынды.

Форум аясында креативті индустрияны дамытудың әртүрлі аспектілерін қозғаған көптеген қызықты баяндамалар, панельдік пікірталастар өтті. Сөз алған сарапшылар мен көшбасшылар өздерінің бірегей табыс тарихымен бөлісті, сондай-ақ Алматыда креативті саланың дамуы мен өркендеуіне ықпал ететін өздерінің инновациялық жобалары мен идеяларын көрсетті.

Панельдік пікірталастарда "Алматы – Қазақстанның креативті индустрияларының драйвері", "Жайлы қалалық орта және креативті ландшафтты дамыту", "Өңірлер – креативті индустрияларды дамытудың әлеуетті орталықтары" тәрізді креативті индустрияларды дамытуға қатысты мәселелер мен тақырыптар белсенді талқыланды.

CCA-2023-тің тағы бір тақырыбы – қазіргі заманғы технологиялық сын-қатерлерге бейімделуге және жасанды интеллектті шығармашылық процестерге біріктіруге деген ұмтылыс туралы "Нейрондық желілер дәуіріндегі адамның шабыты мен шығармашылығы" атты панельдік талқылауы болды.

CCA-2023 жаңа серіктестік байланыстар орнату және инвестициялар тарту үшін бірегей диалог алаңына айналды. Форум сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және Орталық Азияның түрлі елдерінің қатысушылары арасында үздік тәжірибелермен алмасу үшін платформа құруға ықпал етті.

"Креативті қоғамдастықтың пікірі арқылы креативті кәсіпкерлер үшін гранттар беру ережелері әзірленгенін, 2023 жылдың соңына дейін өтеусіз гранттар беру қағидаларын бекіту жоспарланғанын атап өткім келеді. Бағдарламаны 2024 жылы іске қосу жоспарланған. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап инфрақұрылымды дамыту және шығармашылық кәсіпкерлікті қалыптастыру мақсатында Марков 44 әкімшілік ғимаратының базасында креативті хабты іске қосу жоспарланып отыр. 2024 жылдың басында қалалық венчурлік қорды іске қосылады. Қордың мақсаты – тұрақты бизнес құру, креативті индустриялардың экожүйесін дамыту үшін қала тұрғындарының креативтік бастамаларын пайдалану". Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев

CCA-2023 форумына 3000-нан астам қонақ келді, олар көптеген дәрістерге, шеберлік сабақтарына, public talk-тарға белсенді қатысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: