29 қарашадағы түскі саудада доллар бағамы өзгеріссіз қалды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 15:37 Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 459,06 теңгені (+0,01) құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы сәл көтеріліп, 64,52 теңгені (+0,28) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 502,92 теңге, рубль – 5,18 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 459,3-461,5 теңгеге, еуро 504-507 теңгеге, ресей рублі 5,03-5,17 теңгеге сатылуда.

Ал, 29 қарашадағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша Brent маркалы мұнай фьючерстері 3 центке қымбаттап, барреліне 81,71 долларды құрады.

WTI маркалы мұнай фьючерстері 17 центке немесе 0,2%-ға қымбаттап, барреліне 76,58 долларды құрады. Жалпы, екі келісімшарттың бағасы шамамен 2%-ға өсті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: