Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміз қашан аппақ қарға оранады

Қазақстан, ауа райы болжамы, қыс, қар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 22:22 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында, ал республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысы айдың екінші жартысында ақ қарға оранады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, сондай-ақ тұман, көктайғақ болады, ал солтүстік өңірлерде бұған қоса ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасын соғады деп болжанып отыр.

"Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде күн ызғарлы болады"."Қазгидромет" РМК

Бұған қоса синоптиктер қар жауып, бұрқасын күшейеді деп болжап отыр.

Термометр бағандары түнгі уақытта -10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді.

Күз неге жылы боп тұр?

Синоптиктер биылғы күздің жылы болуын, қыстың кешеуілдеуін батыс және оңтүстік циклондармен,  Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланыстырып отыр. 

"Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° жоғары болды. Метеобақылау тарихында осы жылдың қараша айы өте жылы болды, жылы ауа райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет қарашаның жылы болуы 2010 жылы байқалды, ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° ауытқыды"."Қазгидромет" РМК

Астанада соңғы рет күз қашан жылы болып еді?

Күн райын болжаушылардың бағамдауынша, көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласының ең кеш қарға оранған кезі 1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелген.

"Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, елордада қар жамылғысының ерте жайғасуы – 10 қазан, орташа жайғасуы – 10 қараша, ал кеш жайғасуы -15 желтоқсан. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар жамылғысы тіркеліп, орташа биіктігі 8-13 см құрады", – дейді синоптиткер.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: