Атырау – Ақтөбе тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты

Атырау, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2023 10:17 Сурет: instagram.com/atyrauoil
Атырау – Ақтөбе тас жолында болған апаттан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 30 қарашада сағат 22:45 шамасында Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолының 424-шақырымында бойында Ваз 2114 автокөлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі 1991 жылы туған азамат мінген Iveco жүк көлігімен соқтығысты.

Салдарынан Ваз 2114 автокөлігінің 1966 жылы туған жүргізушісі және екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталып жатқанын хабарлады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: