Жаңалықтар тізбегі
0

Бес минуттық жиілік: Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды

Бес минуттық жиілік: Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2023 09:54 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады.

"Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды." Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.

Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: