Алматы полициясы ер адамды пышақтаған күдіктіні құрықтады
Сурет: Zakon.kz
Алатау ауданының полицейлері пышақ жарақатын салды деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 49 жастағы тумасын ұстады.
"2 желтоқсанға қараған түні кезекші бөлімге қалалық ауруханалардың бірінен іш қуысында пышақ жарақатымен 27 жастағы ер адамның жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленушіден сұрақ-жауап алғаннан кейін дәмханалардың бірінде көрші үстелде отырған ер адамдар арасында жанжал болғаны белгілі болды. Соққыдан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жедел-іздестіру шаралары барысында ол ұсталды. Бұл – 1974 жылы туған Б.есімді азамат. Күдікті өз іс-әрекетін мойындады. ҚР ҚК-нің 106-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деді Алатау аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Асхат Дәулетияров.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript