Өскеменде бетперде таққан мас ер адам дүкенді тонаған

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, правонарушения, телефон полиции, полиция, ЦОУ, заведенные дела, дело, полицейский, показание, показания, заявление, заявления, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 12:06 Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығында автокөлік бөлшектерін сататын дүкенді тонады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады.

Оқиға түнгі уақытта болды. Күдікті медицина маскасымен бетін жасырып ғимараттың бірінші қабатындағы есіктің шынысын сындырып, ішке кірген.

Ол жерден ер адам тиын салынған контейнерлер мен әртүрлі ақша купюраларын ұрлап кеткен. Күдіктінің айтуынша, ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұған дейін дүкенге бірнеше рет кулерге су жеткізген.

Қолда бар мәліметтер бойынша ұрланған ақшаның сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлері ұрланған ақшаның бір бөлігін өндіріп алды.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге мүлкін тәркілей отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: