Ескертуді елемегендерге айыппұл салынды

Тазалық, Тараз қаласы, қала тазалығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2023 15:37 Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Тазалық – қоғам айнасы. Әрбір адам тазалыққа табалдырығынан бастап мұқият қарауға міндетті.

Дегенмен аула тазалығынан аса алмай, айналасын күл-қоқысқа толтырып жүретін жандар да арамызда баршылық. Тіпті, айыппұл арқаласа да көшені қоқысқа толтыратын тұрғындар қатары жетіп артылады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Шаһар аумағында биылғы жылдың 1 мамырынан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында кешенді жұмыс басталған. Қала әкімдігінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала ішінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша күнделікті жұмыстар жүргізуде.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нәтижесінде, алты айда (мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан ) 959 кемшілік анықталып, 955 тұрғынға ескерту берілсе, 30 адамға айыппұл салынған. Ал, қараша айында 257 кемшілік анықталып, оның ішінде 253 тұрғынға ескерту берілді. Соныме959н қатар 4 тұрғынға айыппұл салынды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, тазалық сақтамаған тұрғындарға салынатын айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айналаны таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық алдағы уақытта да жалғасын табады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: