Ескертуді елемей жолға шыққандар қомақты айыппұл төлейді

Закрытая трасса, стоп, снегопад, метель, закрытая дорога, непогода, перекрытая дорога, заносы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 22:42 Фото: Zakon.kz
Келер жылдан бастап жол жабылған кезде ескертуді елемей жолға шыққан жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері 129 мың теңгеге дейін өседі.

Қазіргі уақытта бұл айыппұлдың көлемі 117 960 теңге. Көрсеткіштің ұлғаюы айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуімен байланысты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, боран, қатты дауыл немесе техногендік апат кезінде уәкілетті органның талабына бағынбағандар айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Егер мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, қамау мерзімі 5 тәулікке дейін ұзартылады немесе 50 АЕК (216 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, былтыр ақпан айында еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығынан 50-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: