Ақтөбеде көктайғақтан 35 адам зардап шекті
Сурет: pixabay
Ақтөбеде ауа райы құбылып тұр. Түнде жауған жаңбырдың арты көктайғаққа ұласты.
Салдарынан аяқ-қолын жарақаттап, ауруханаға түскендер көбейді.Бүгін тек түске дейін осындай 35 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Оның жетеуі бас-ми жарақатымен ауруханаға жатқызылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Тағы он сегізі амбулаториялық бақылауға алынды.
Дәрігерлер мұндай күндері көшеге шыққанда телефонға үңілмей, барынша сақ болу қажеттігін ескертеді.
"Көбісі келіп жатқан тобық қайырып алған, қолын шығарып алғандар, сондай жарақаттар. Аяқ киім жақсы болуы керек, үлкен кісілер қолына обязательно трость ұстауы керек. Сосын шамалы аяқтарын бүгіп, жайлап асықпай жүруі керек." Бағлан Рахметов, дәрігер-травматолог
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript