Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады

Астана, ауа райы, Астана әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 11:28 Сурет: primeminister.kz, Instagram/jenis_qasymbek
Бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елорда тұрғындарына күн райының қолайсыздығына байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндеу қала әкімінің Instagram парақшасында жарияланды.

"Құрметті елорда тұрғындары! Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан көктайғақ орнады. Коммуналдық қызметтер түннен бастап жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын сеуіп жатыр".Жеңіс Қасымбек

Қала басшысы "оқыс жағдайға ұшырап", жарақат алмау үшін:

  • қарттар мен балаларды көшеге шықпауға;
  • ал көлік иелерін өте мұқият болуға және қашықтықты сақтауға шақырды.
"Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді. Аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылды".Жеңіс Қасымбек

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: