Жаңалықтар тізбегі
0

Ауа райының қолайсыздығынан 100-ге жуық апат: полицейлер астаналықтарға үндеу жасады

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшетіні бұрын хабарланған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2023 09:55 Сурет: unsplash
Астанада ауа райының қолайсыздығынан 100-ге жуық жол апаты орын алды. Осыған орай, бүгін, 2023 жылғы 5 желтоқсанда елордалық полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық жол полициясы нақтылағандай, 4 желтоқсан сағат 20:00-ден 5 желтоқсан сағат 9:00-ге дейін елордада 93-ке жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген.

"Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуге жол бермеуді және қашықтықты сақтауды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Ведомстводағылар жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше сақтық танытуы керектігін баса айтты.

"Өз қауіпсіздігіңіз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өту керек. Жол қозғалысы ережелерін елемеу, атап айтқанда, жылдамдықты сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін." Астана ПД баспасөз қызметі

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 5 желтоқсанында жолдар жабылып, бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшетіні бұрын хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: