Жаңалықтар тізбегі
0

Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін білесіз бе

мұз, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 01:51 Сурет: pixabay
"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қыс мезгілінде мұздың үстінде ескеруіңіз керек бірнеше ережені еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мына қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауыңыз жөн:

  • Мұздың қалың екеніне сенімді болмасаңыз, оған шықпаңыз! Аяз болып, қалыңдығы 7-10 сантиметрге жетпейінше, мұзды қауіпсіз деп есептеуге болмайды. Ал су айдынының үстімен жүріп өтуден басқа амал болмаса, байқап өткеніңіз дұрыс;
  • Кеш батқанда, қараңғыда немесе айнала дұрыс көрінбей тұрған кезде де (тұман, қар, жаңбыр болса) мұзға шықпаңыз;
  • Мұздың беріктігін аяқпен теуіп немесе басқа да заттармен тексермеңіз. Егер бөрененің немесе шаңғы таяқшасымен алғаш ұрғанда-ақ аздап су пайда болса, бұл мұздың жұқа екенін аңғартады. Мұндай кезде аяғыңызды мұздан көтермей, қадамдап немесе жорғалап жағаға қарай дереу жетуіңіз керек;
  • Балаларды ересектердің қарауынсыз су айдынының жанына жібермеңіз. Ойынқұмар балалар оқыс жағдайға жиі тап болып жатады. Сол себепті ересектер олардың есіне сақтық шараларын үнемі салып отыруы қажет.

Балық аулаушылар кейде су айдындарындағы мұздың қауіпті екенін елемей, онда жәшіктері мен мұзды бұрғылау құралдармен барып жатады. Бұл кезде де мұздың әбден қатқанына, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізгеніңіз маңызды.

Балық аулауға қатысты тағы бір мәселе - көлікпен мұзға шығу.

Көлікпен, мотоциклмен, квадроциклмен және басқа да транспортпен су айдынында жүру мұздың қалыңдығы 70 сантиметрден асқанда ғана қауіпсіз болмақ. Ал енді ғана қатып келе жатқан су айдынының мұзды қабаты мұндай ауыр салмаққа төтеп бере алмайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: