Тоқаев Ақтөбедегі Smart Bilim мектеп-гимназиясын аралап көрді

Smart Bilim мектебі, Ақтөбе, Қасым-Жомарт Тоқаев, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 19:15 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған Smart Bilim мектеп-гимназиясына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент білім ошағындағы спорт залын, асхананы және шығармашылық ойлау жүйесін дамытуға арналған ArtLab кабинетін аралап көрді. Сондай-ақ 1-11 сынып оқушыларын негізгі ІТ бағыттар бойынша 3D-модельдеуге баулитын ArtNationkz білім беру жобасымен танысты.

Сурет: akorda.kz

"Кәсіпкердің жеке қаражатына салынған бұл мектеп-гимназия биыл қыркүйек айында ашылды. Оның құрылысына 5,7 миллиард теңге жұмсалған. Нысанның аумағы – 122 мың шаршы метр. Бүгінде мектепте 3600 оқушы білім алып жатыр", делінген Ақорда хабарламасында.

Smart Bilim мектебі, Ақтөбе, Қасым-Жомарт Тоқаев, жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 19:15

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы мектеп оқушыларымен әңгімелесіп, олардың оқуда табысты болуына тілектестік білдірді.


Сурет: akorda.kz


Айта кетсек, алдында Мемлекет басшысы қаламгерлердің ескерткіштеріне гүл шоғын қойып, одан кейін Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жұмысымен танысқан болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: