Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қолөнершілер көрмесін аралап көрді

Жұмыс сапары, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2023 21:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешеніндегі Жамбыл өңірі қолөнер шеберлерінің көрмесіне барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "Шебер шаңырақ" мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамдық бірлестігі, "Өшпес мұра" Жамбыл облысы қолөнер шеберлерінің қауымдастығы, "Жамбыл облысы қолөнершілер одағы" қоғамдық бірлестігі, Асыл-Дизайн" сән үйі және басқа да ұйымдар шеберлері жасаған бұйымдарды тамашалады. Көрмеге  29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.


Сурет: akorda.kz


Мемлекет басшысына көрсетілген "Киіз үй" инсталляциясында жастарға тоқыма, киіз басу, құрақ құрау, ұршық иіру, сырмақ сыру және басқа да өнер түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді.


Сурет: akorda.kz


Сонымен қатар көрмеде көшпенділердің заманауи әлемдік үлгіде жаңғыртылып, нео-фольклор стилінде тігілген көпғасырлық дәстүрлі киімдері және дала гүлдері мен шөптерінің хош иістерінен жасалған иіссулар көрсетілді.


Сурет: akorda.kz


Жуырда Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгені туралы сертификат алды.


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz


Сурет: akorda.kz


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: