Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 11:39 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.

20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды.

Атап айтқанда, 5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme, PYP), 11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme, MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme, IB) бар.

Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы, теннис корты, шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе, жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: