Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да полиция қызметкерлері ұрланған 10 жылқыны иесіне қайтарып берді

Полиция заң бұзған адамды ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 09:57 Сурет: polisia.kz
Оқиға өткен жылы желтоқсан айында болған.

2022 жылдың 26 желтоқсанында Бөкейордасы ауданының полиция бөліміне 43 жастағы Н. есімді азамат хабарласып, еркін жайылымнан 1 және 3 жастағы 14 жылқысын айдап кеткені туралы арызданған. Шығын 5 миллион теңгеден астам қаражатты құрады.

БҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Бөкейорда полицейлерімен бірге аталған қылмыстың бетін ашты.

Аталған қылмысты жасаған 34 жастағы күдікті Бөкейордасы ауданының тұрғыны екені анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері БҚО Бәйтерек және Тасқала аудандарының тұрғындарына 10 жылқыны сатқанын, ал қалған 4 жылқыны сойып, етін Орал қаласына әкеліп сатқанын анықтады.

Айта кету керек, жылқылардың иесі оларды анықтайтын белгісі арқылы таныған. Ұрланған 10 бас жылқы тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: