Шымкентте полиция зейнеткердің 46 млн теңгесін қайтарып берді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 16:22 Фото: Zakon.kz
Еске салсақ, ақпан айында полицейлер 69 жастағы тұрғыннан үлкен көлемде ақша жымқырған екі ер адамды ұстады.

Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан.

Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған. Араға аз уақыт салып, "құқық қорғаушылар" хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген.

Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін күдіктілердің айтқанын бұлжытпай орындайды: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны "сенімді қолға" уақытша сақтауға тапсырған.

Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді. Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: