Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мұздатылған етті Иранға экспорттайды

Қазақстан мұздатылған етті Иранға экспорттайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 10:11 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Иранға мұздатылған етті экспорттауға келісті. Бұған дейін өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 күнге дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті меморандумға 2023 жылдың 3 желтоқсанында Тегеранда қол қойылған.


"Бұл құжат отандық мал өсірушілердің мұздатылған етін жеткізудің жаңа экспорттық бағыттарын ашады.Осы уақытқа дейін қазақстандық өндірушілер Иранға сақтау мерзімі 3 тәулікке дейінгі салқындатылған сиыр етін ғана жеткізе алатын". Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Уағдаластық туралы құжатта мынадай талаптар қарастырылған:

  • Қазақстандық мұздатылған сиыр етінің сүйексіз импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптар.

Иран тарапы Қазақстаннан мұздатылған сүйексіз сиыр етінің импортына қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды ұсынады. Ветеринариялық-санитариялық талаптарды келіскеннен кейін Қазақстаннан Иранға мұздатылған сүйексіз сиыр етінің экспортын ашу үшін Иран ветеринариялық ұйымының басшылары мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы арасында ветеринариялық сертификаттарды келіседі және келісімге қол қояды.

  • Ирандық сүт компанияларын Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағына және Қазақстан Республикасына импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне енгізу туралы.

Қазақстандық тарап ЕАЭО және Қазақстан Республикасы инспекторларының, Иранның ветеринариялық қызметінің және Иранның сүт кәсіпорындарының қатысуымен аудит және бірлескен инспекция өткізілгеннен кейін, ЕАЭО аумағына және Қазақстан Республикасына сүт өнімдерін импорттауға құқығы бар үшінші елдердің тізіліміне Иран сүт кәсіпорындарын қосу туралы ынтымақтасуға дайын.

  • Вакуумдық қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттар

Қазақстан тарапының вакуумды қаптамадағы ірі қара малдың жаңа етінің жарамдылық мерзімін 3 күннен 16 күнге дейін ұлғайту өтініші бойынша Иран тарапы Қазақстаннан жарамдылық мерзіміне қатысты ғылыми құжаттарды сұрады. Иранның ветеринарлық ұйымы импорт және экспорт бойынша техникалық комитетте ұсынылған құжаттарды қарайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: