Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада су ресурстарын тиімді басқару әдістері ұтымды қолдануда

Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге «Қызылорда облысындағы суармалы жүйелерді қалпына келтірудің жол картасын» қабылдадық., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 13:09 Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аграрлық аймақ саналатын Қызылорда облысы үшін суармалы су мәселесі қашан да өзекті. Сондықтан су ресурстарын тиімді басқару әдістері кеңінен қолданылуда.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты айтып берді.

Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 13:09

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Су тапшылығы аймақ халқын алаңдатуда. Оны Президентке де жеткізіп, баяндадым. Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге "Қызылорда облысындағы суармалы жүйелерді қалпына келтірудің жол картасын" қабылдадық. Ол бойынша тасқын суды жинақтау, суармалы суды бөлу мен есепке алу процестерін автоматтандыру арқылы ирригациялық инфрақұрылымды қайта құру, жаңғырту шаралары атқарылуда. Суды бөлу мен есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу үшін халықаралық компанияларды тарттық", – деді аймақ басшысы.

Еске салсақ, соңғы 12 жылда Солтүстік Арал теңізінің суы 6,8 млрд текше метрге азайып кетті. Тұтас өңірдің тағдырына байланысты мәселе Парламентте, Үкіметте үнемі көтерілуде.

Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2023 13:09

Сурет: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өткен жылдан бері 4,6 млрд теңгеге "Көкарал бөгетін сақтап қалу" жобасы іске асырылуда. 2024 жылы зақымданған бөгет қалпына келтіріліп, Қарашалаң көлі арқылы теңізге 2 арна және Тұщы көлі арқылы 1 арна қазылады. Нәтижесінде теңізде су айналымы қалыптасып, тұздылығы төмендейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: