Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жыл соңына дейін 320 мың ағаш пен бұта отырғызылады

Жасыл Алматы: 2023 жылдың соңына дейін 320 мың ағаш пен бұта отырғызылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 17:36 Сурет: Zakon.kz
Алматының жасыл қорын құру және сақтау қала әкімдігі жұмысының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл туралы Алматы мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Қала басшысы ағымдағы жылы алаңы 64,8 га 6 қоғамдық кеңістік абаттандырылғанын, 250 мың ағаш пен бұта отырғызылғанын, осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін олардың саны 320 мыңға дейін ұлғайтылатынын, бұл Іле-Алатау Ұлттық паркінің жасыл желектерін есепке алмағанда, бір адамға шаққанда жасыл екпелердің алаңын 11,3-тен 12,3 шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

Алматыдағы жасыл екпелерді автожуу жүйесі 34 скважина мен су қабылдағыштарды салу есебінен 4,4 есе көп аумақты – 587 гектарға дейін (2022 жылы 132 гектардан) қамтыды.


"Биыл 103,5 км арық желісі, 19 коллектор, 9 канал алынды және реконструкцияланады. Атқарылған жұмыстардың арқсаныда су басып қалудың барлық 102 учаскесі жойылды, олар нөсер жаңбыр кезінде біздің азаматтарымызға проблема тудырды. 2024 жылдың соңына дейін жалпы 376 шақырым арық желісі салынып, қайта жаңартылады, оған 10,9 млрд теңге қарастырылған", - деп атап өтті Ерболат Досаев.

Бұдан басқа, 2024 жылға арналған бюджетте Алатау ауданындағы Сайран көлі мен "Сосновый бор" жаңа жасыл қоғамдық кеңістіктер құруға қаржы қарастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: