Алматыда қар жауды, оны тазалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады
Сурет: Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Алматыдағы 8 желтоқсанда сағат 20:00-ден бастап жауған қар 9 желтоқсан күні түске таман тоқтайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, қауіпті аумақтарда, төмен түсетін, жоғары шығатын және жолайырықтарға бұрылатын жерлерге көктайғақтың алдын алу үшін сұйық реагенттер қолданылды.
Сонымен қатар қар жауған кезден бастап 112 қызметінің күшімен құм таратқыштар арқылы жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.
"Тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі уақытта 365 бірлік арнайы техника мен 346 жұмысшы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмысы үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.
"Қазгидромет" РМК болжауынша түнде қар ұшқындайды, ал 9 желтоқсан күні таңнан бастап сағат 15:00-ге дейін биіктігі 8 мм қар жауады. Желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде 7 градусқа дейін суытады, 9 желтоқсанда күндіз термометр бағаны 4 градус суықты көрсетеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript