Астанада бас шырша қашан және қай жерде жағылады

Астана, Жаңа жыл, бас шырша, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 17:36 Сурет: gov.kz
Астанадағы бас шырша 17 желтоқсан күні жағылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, 17 желтоқсан күні сағат 20:00-де EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында бас шырша жағылады.

"Шыршаны жағу рәсімінен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама қойылады", – делінген хабарламада.

Шыршаның биіктігі 25 метр болады және жеңіл сәндік ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндаларымен және т.б. безендіріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: