Көкшетауда қатты аяздан газ қатып жатыр
Сурет: Zakon.kz
Көкшетау қаласында қатты аяздың кесірінен тұрғын үйлерге берілетін газ қатып қалып жатыр.
Шаһар тұрғындары бірнеше күн қатарынан көгілдір отынсыз отыруға мәжбүр.
Сала мамандары бұған газдың құрамындағы бутан мен пропанның қатты аяздың кесірінен мүлдем буланбайтыны себеп, - дейді.
Күн күрт суытқалы апаттық-диспетчерлік орталықтың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар күніне отызға жуық шақыртуға барады, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазір өңірде ауа температуарасы 37-38 градусқа дейін төмендеген.
"Егер де күн күрт суып, -43 градусқа дейін аяз сезілсе, газ буланбай, сұйық күйінде қалады. Салдарынан тұтынушыларға көгілдір отын жетпейді. Біз тұрғындарды газбен уақытылы қамтамасыз ету үшін қолымыздан келгеннің барлығын істеп жатырмыз. Бізге хабарласып, шағымданса, аталған мекен-жайға бірден жұмыс тобын жібереміз. Қазір жағдайды бақылап отырмыз." Батыр Әшіров, газ таратушы компанияның директоры
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript