Алматыдағы коммуналдық қызметтер тұрғындарға үндеу жасады
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қар жауған күннен бастап жолдың жүргіншілер бөлігіне көктайғаққа қарсы материалдар себіліп жатыр. Тротуар, жалпы пайдалану орындары, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін тазалау жұмысы тоқтаған емес.
Түнгі уақытта жол полициясының патрульдік машиналарының сүйемелдеуімен қарды тырмалап тазалауға 17 сыпыру-жинау машиналары жолға шықты. Сағат 00:00-ден бастап кезекті қарды тырмалау жұмысы жоспарланған.
Магистральды көшелерден қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
44 жедел патрульдік бригада, 421 бірлік арнайы техника, оның ішінде 165 құм таратқыш, 481 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша жауын-шашын жаумайды.
Түнде ауа температурасы минус 23-25 градус аяз болады.
"Осыған орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындарынан түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді және автокөлікті жол жиегіне қоймауын сұраймыз. Жеке көлікпен жүрудің шұғыл қажеттілігі болмаса жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, тежегішті күрт баспауға, қашықтықты, бүйірлік аралықты және маневр жасау ережелерін сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер тротуарда жүргенде абай болып, көшеде белгіленген жермен ғана жүріп, қарттар мен балаларға көмек көрсетуі керек".Алматы әкімдігі