Қазақстанда 14 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, қар, бұрқасын, аяз, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 17:11 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 14 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді, негізінен жауын-шашынсыз, аяз болады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұрқасын соғады. Атыраудың оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облыстарының шығысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстікте, Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі", – дейді синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанды.

Түнде солтүстікте, Алматы және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында  -33-38°С аяз болады, орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -31-36°С шамасында болады.

Түркістан және солтүстік-шығыс Жамбыл облыстарының таулы асуларында синоптиктердің болжауынша, желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: