Жаңалықтар тізбегі
0

"ПСЖ" Еуропа лигасына өтеді ме? "Өлім тобындағылардан" нені күтуге болады?

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2023 17:27 Сурет: parimatch.kz
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің соңғы туры шиеленіске толы. F тобында тек дортмундтың "Боруссия" плей-оффқа жолдама ала алды.

"ПСЖ", "Ньюкасл" және "Милан" еурокубоктарға екі орын үшін күш сынасатын болады. Сонымен қатар, париждіктердің кіші турнирге кетіп қалу мүмкіндігі өте жоғары бағаланып отыр.

"ПСЖ"-ға жеңіс керек

"ПСЖ" жол айырығының алдында тұр — Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасы. Қай жолмен жүретінін таңдау клуб еншісінде емес. Мүмкін болатын үш нәтижені талдап көрейік:

Жеңіліс тапқан жағдайда "ПСЖ" -да 7 ұпай қалады. Олар қатар жүріп жатқан матчтың қорытындысын күтіп, Англиядағы тең нәтижеге үміт артады. Сол кезде, "Ньюкасл" мен "Милан" 6 ұпайдан жинап, париждіктерге Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жол ашады.

Тең есепті ойын болған жағдайда, "ПСЖ" 8 ұпайды қалтасына басады. "Ньюкасл" — "Милан" матчының нәтижесіне бақылап, "сауысқандар" 3 ұпай жинамасын деп дұға етуге тура келеді. Бұл жағдайда плей-оффқа ағылшындар бетпе-бет кездесулердегі артықшылығымен өтеді.

Мбаппе мен оның командасын келесі кезеңге тек жеңіс қана шығара алады. Бірақ "ПСЖ"-ның жеңіске жету мүмкіндігі бар ма?

Луиса Энрикенің финалы

Испан жаттықтырушысы үшін алдағы ойын өзіндік бір финал түрі болады. Әрине, Луис Энрикенің жұмыстан шығарылуы туралы сөз қозғалып отырған жоқ, бірақ оның басшылығымен "ПСЖ" еурокубокта екі түрлі әсер қалдырып отыр: үй алаңында "Боруссияны" (2:0) және "Миланды" (3:0) жеңді, бірақ "Ньюкаслмен" (1:1) тең есепті ойын өткізген. Көптеген мамандардың пікірінше, "Ньюкасл" қақпасына пенальти қате тағайындалды. Ал қонақ алаңындағы текетірестерде бірде — бір ұпай жинаған жоқ - Англияда 1:4, Италияда 1:2. Кезекте Дортмунд тұр, ол осы Чемпиондар Лигасындағы өз ойын алаңында жеңіліп көрмеген. Бундеслига мен Германия Кубогындағы екі жеңілістен кейін адал жанкүйерлері оларды жеңіске ынталандырады. Оған қоса, " аралардың " өздері 3 ұпай жинауға ниетті. "ПСЖ"-ны жеңсе "Боруссияның" топтан бірінші орыннан жарып шығу мүмкіндігі бар, демек, плей-оффқа да шығуы да таңқаларлық емес.

Parimatch сарапшылары "ПСЖ"-ны алдағы шайқастың айқын фавориті деп санайды. Оларға жеңіс ауадай қажет деген ойда. Олардың жеңіске жету коэффициенті 1.88-ге бағаланған. Ойынға өз болжамыңызды сілтемеге өтіп, жасай аласыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: