Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада жаңа жүргіншілер көпірі ашылды

қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 20:41 Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне тарту ретінде Қызылорда қаласында жаңа темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі ашылды. Құны 268,1 млн теңгені құрайтын Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірі енді ел игілігіне қызмет етпек.

Салтанатты шараға барған облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов барша қала тұрғындарын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, шаһардағы жол инфрақұрылым саласының көкжиегі кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.

қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 20:41

Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

"Сыр өңірінде жыл көлемінде жаңа нысандардың іргетасы қаланып, көптеген ғимараттар халық игілігіне пайдалануға берілуде. Бүгін мінекей, тұрғындардың сұранысына сәйкес темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы аяқталып, Тәуелсіздік мерекесіне үлкен тарту болды. Сапалы жаяу жүргіншілер көпірін салған мердігер "Гүлнұр МК" ЖШС-на барша сырбойылықтар, оның ішінде Қызылорда қаласының тұрғындары атынан ризашылығымды білдіремін. Баршаңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!", - деді облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов.
қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 20:41

Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетейік, дәл осындай темір жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қаланың екі жерінде салынды.

қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 20:41

Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

қызылорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 20:41

Сурет: Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Ал "Қызылжарма" каналы арқылы Бәйтерек шағын ауданына өтетін жаңа көпір жақын күндері пайдалануға беріледі. Келер жылы құны 4,7 млрд теңге болатын Жанқожа батыр көшесі арқылы темір жол астынан өтетін автожол құрылысы басталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: